Кәсіпкерлер тауарды таңбалау ережесін бұзған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кәсіпкерлер тауарды таңбалау ережесін бұзған

20.09.2021

Импорттық тауардың 82%-ы талапқа сай келмейді. Алматы облысындағы сауда орындарында мониторинг жүргізген мамандар осылай деп мәлімдеді. Олар биыл 1700-ден аса өнім түріне тексеріс жүргізген. Тауардың шамамен үштен бірі балаларға арналған. Бақылау нәтижесінде техникалық регламентке сай келмейтін, сапасыз тауарлар анықталды. Олардың 18 проценті ЕАЭО елдерінен келген, 17 проценті отандық өнімдер. Өндірушілер мен импорттаушылардың көбі тауарды таңбалау ережесін бұзған. Тексерістен соң 22 келіден аса сапасыз тауар нарықтан алынды.

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу