Ресейде үш күнге созылған парламенттік сайлау аяқталды. Бюллетендердің 98 пайызы саналып болғаннан кейінгі қорытындыға жүгінсек, биліктегі «Единая Россия» партиясы 50 пайызға жуық дауыс жинап жеңіске жеткен. Мұны елдің Орталық сайлау комиссиясы Элла Панфилова Мәскеуде өткен баспасөз маслихатында жариялады. Оның мәлімдеуінше, екінші орынды – коммунистер, үшіншіні - либерал-демократтар, төртіншіні -«Справедливая Россия» алған. Кейбір болжамдарға қарағанда, бұрын да парламентте болған бұл төрттікке тағы «Новые люди» деген тағы бір партия қосылуы мүмкін.
Сайлауға электораттың 45 пайызы қатысқан. Дегенмен, Якутия тәрізді аймақтарда жеңіліске ұшыраған «Единая Россия» бәрібір Мемлекеттік думадағы 450 мандаттың көпшілігін иеленбек. Ал, президент Владимир Путин 2024 жылы билігін жалғастыруды қалайтын болса, бұл партияның парламенттегі басымдығы шешуші рөл ойнайды деген болжам бар.
Арыстан Рысбек