Ресейліктер жаңа парламентке ертеңнен бастап дауыс береді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейліктер жаңа парламентке ертеңнен бастап дауыс береді

16.09.2021

Ресейліктер жаңа парламентке ертеңнен бастап дауыс береді. Үш күн бойы өтетін сайлауда Мемлекеттік Думаға кіру үшін 14 партия бақ сынамақ. Елдің Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, 3812 үміткер партиялық тізім, ал 2020 үміткер бір мандаттық округтер бойынша тіркелген. Бұған қоса, күллі Ресей бойынша өңірлік және жергілікті сайлаулар өтеді. Аталған комиссия дауыс беру барынша ашық өтетінін мәлімдеп отыр.

Ал, бірқатар саяси сарапшылар Единая Россия партиясы өз үстемдігін сақтап қалатынына сенімді. Дегенмен, Рейтердің мәліметінше, соңғы кездері бұл саяси бірлестіктің рейтингі төмендеп кеткен. Сауалнамаларға сай, Ресейдегі екінші ірі коммунистік партия өзінің қазіргі позициясын сақтап қалады. Айта кетсек, Мемлекеттік Думаның жаңа құрамы 5 жылға сайланады. 

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу