Семейде құбыр жарылып, апат салдарынан мыңнан астам абонент суық сусыз қалды. Оқыс жағдайға байланысты, жер үйлермен көп қабатты үйлерді судан ажыратуға тура келді. Диаметрі 500 миллиметр су құбырындағы құдықтан су атқылаған. Далаға ағып жатқан суды тоқтату үшін су тарататын бір учаске жабылды. Тұтастай алғанда, 1105 абонентке су беру тоқтатылды.