Түркістан облысындағы дау: Балабақша меңгерушісіне ескерту ғана берілген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысындағы дау: Балабақша меңгерушісіне ескерту ғана берілген

19.09.2021

Түркістан облысы Шардара ауданындағы бөбекжайдың музыканты Гүлмира Өтегенованың жұмыстан заңсыз шығарылғаны туралы материал бергенбіз – Білім министрінің араласуымен тәрбиеші жұмысқа қайта алынған етін. Бірақ история мұнымен бітпейтін сияқты дедік, дәл солай болып шықты.

Гүлмираның айтуынша, жұмыстан шығарылды деген бұйрықтың күші жойылған соң, балабақша меңгерушісі бос жүрген күндердің ақшасын төлейтін болып келіскен. Алайда Гүлмира біздің бағдарламаға шығып, шындықты айтқан соң меңгеруші өтемақысын толық бермей қойған. 14 қыркүйекте Гүлмираны прокуратура шақыртып, балабақшадағы заңсыздықтар туралы сұраған. Балабақша меңгерушісі әлеуметтік желілерге тараған аудиожазбалардағы дауыс өзінікі екенін, мұғалімдерден ақша жиналғанын мойындаған. Кінәсін мойындағаны үшін оған ескерту ғана берілген. Гүлмираның айтуынша, меңгеруші әрекетіне сай тиісті жазасын алмайды.


Хабарламаларға жазылу