2 қала мен 11 облыста дауылды ескерту жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2 қала мен 11 облыста дауылды ескерту жарияланды

27.12.2021

Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары мен еліміздің 11 облысында дауылды ескерту жарияланды. Елордада түс ауа желдің ұйытқуы секундына 15-20 метрге жетуі мүмкін.

Ал Түркістан облысындағы таулы аймақтарды тұман басады. Көктайғақ болуы ықтимал. Шымкент қаласында да дәл солай.

Ақмола, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарында ауа райы құбылып, қатты жел соғады дейді «Қазгидромет» өкілдері. Жолда мұз қатып, соңы көктайғақққа ұласуы мүмкін. Сондықтан тұрғындар жол ережесіне мән беріп, аса сақ болғаны жөн.


дауылды ескерту

Хабарламаларға жазылу