Елордада 7 компания 12 аумақта көмір сатып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада 7 компания 12 аумақта көмір сатып жатыр

17.09.2021

Елордада 7 компания 12 аумақта көмір сатып жатыр. Әкімдік азаматтарға жылу беру маусымы басталғанға дейін ертерек сатып алуға кеңес береді.

Олар көмір сатумен айналысатын компаниялармен бағаны негізсіз көтермеу туралы меморандум жасасқан. Отынның орташа бағасы мынадай: Шұбаркөл тоннасына 13 200, Қаражыра 13 500, Майкөбе 12 мың, Богатырь көмірі 9,5 мың теңге тұрады. Бұл белгіленген құны. Қазір қоймада 800 тоннаға жуық Шұбаркөл мен екі мың тоннаға жуық Майкөбе көмірі бар. Қалада отын сататын орындарды тұрғындар 109 нөміріне хабарласып, анықтай алады.

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу