Көмір бағасы қалай қалыптасады? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көмір бағасы қалай қалыптасады?

14.10.2014
Көмір бағасы қалай қалыптасады?

Көмір бағасы жыл сайын 20 пайызға қымбаттап отырады. Мәселен 2005-2006 жылдары орта есеппен бір тонна көмірді 5-6 мың теңгеге сатып алатынбыз. Ал 2009-2010 жылдары 7-9 мың төлеп, аулаға түсіріп жүрдік. Биыл бұл баға 12-15 мың теңгеге дейін көтеріліп кетті.

Көмір - шахталық немесе карьерлік әдіспен өндіріледі. Кеніштің аузына шыққанда бұл қара тастың тоннасы 1500-2000 теңгені құрайды.

Ал ол Қарағандыға жеткенше тоннасы 8-9 мыңға көтеріледі. Жезқазған жаққа көмір – 10-12 мың теңге болып жетеді.

Бұл баға арзан болу үшін ортадағы делдалды жою керек. Мұнымен іс бітпейді. Себебі, көмірді еселеп өндіріп жатқанымен, оның ішінде Қазақстанда қалатыны аз ғана. Көпшілігі сыртқа кетеді.

Нұрбек БЕКБАУ

 

Хабарламаларға жазылу