Алматылықтар оқу жылы басталғалы көлік қозғалысының қиындап, кептелістің артқанына шағымданды. Бүгін таңертең Әл-Фараби даңғылының бойында Сайын мен Жароков көшелерінің арасына дейін бірнеше шақырымдық көлік кептелісі пайда болды. Видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге салғандардың сөзінше діттеген жеріне уақытылы жете алмай, көше бойымен екі жарым сағат жүрген. Кептеліс шамамен таңғы 7-ден 10-ға дейін жалғасқан. Тұрғындар осы мәселені реттеу жөнінде қалалық әкімдік пен полиция департаментіне шағым түсірді.