Көлік қозғалысын реттеген шымкенттік полицей көптің алғысына бөленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көлік қозғалысын реттеген шымкенттік полицей көптің алғысына бөленді

17.11.2020

Көлік қозғалысын реттеп әлеуметтік желіге тарап кеткен шымкенттік полицей Алдаберген Мылтықбайдың іс-әрекеті көптің көңілін жылытты. Түнгі ауысымнан шығып, үйіне бара жатқан полиция қызметкері орталық көшелердің қиылысында көлік кептелісіне тап келген. Бақылау камерасына түсіп қалған мына бейнекөріністен оның еш ойланбастан қызметтік арнайы киімін киіп, дереу көлік қозғалысын реттеуге кіріскені көрініп тұр. Ауа райының қолайсыздығына, жауын жауып тұрғанына қарамастан, кезекшіліктегі әріптесі келгенге дейін тапжылмай қызмет көрсеткен. Аға лейтенант шеніндегі Алдаберген Мылтықбай Ішкі істер органында 8 жылдан бері қызмет атқарып келеді.

Алдаберген Мылтықбай, Шымкент қаласы Полиция департаменті патрульдік полиция полкының қызметкері:
Бұл өзіміздің таңдап келген мамандығымыз болғандықтан, көше қозғалысын реттеу, халықтың тыныштығын қадағалау үшін қандай қызметкер болса да осы істі атқаратын еді деп ойлаймын. 

Ғани Қалмахан


Хабарламаларға жазылу