Бішкекте Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бішкекте Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясы басталды

28.11.2019

Отырысқа Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысып жатыр. Ұйымға төрағалық еткен Қырғызстан бір жылдық жұмысын қорытындылау үшін өз жерінде Армения, Белоруссия, Қазақстан, Ресей мен Тәжікстан басшыларының басын қосты. Алдымен Ала-арча резиденциясында мәртебелі меймандарды Қырғыз басшысы Сооронбай Жээнбеков қарсы алды. Бұдан соң барлығы бірге суретке түсіп, шағын құрамдағы отырыс өтті. Ал дәл қазір Кеңестің кеңейтілген құрамдағы жиыны өтіп жатыр. Айта кетейік, Бішкекте ұйымға мүше мемлекеттер келер жылдағы Ұлы Жеңістің 75 жылдығын тойлау шараларының жоспарын бекітеді деп күтілуде. Сондай-ақ өңірдегі әскери-экономикалық байланыстарды дамыту, қауіпсіздік мәселелері талқылануы тиіс.

Альбина ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу