Футбол матчында жаппай төбелес болды. Демалыс күндері Нұр-Сұлтандағы «Сайран-аренада» Astana Fytbol Ligasy-ның кезекті турнирі өткен. Ойын барысында футболшылар сөзге келіп, артынша жанжал жаппай төбелеске ұласты.
Әуесқой клубтардың отызға жуық ойыншысы бір-бірін аяусыз соққыға жыққан. Нәтижесінде бірнеше адам басынан ауыр соққы алып, біреуі есінен танып қалды. Қазір төбелестің нақты себебі анықталып жатыр.