Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында оқушылар сабақты қашықтан оқиды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында оқушылар сабақты қашықтан оқиды

17.01.2022

Қаңтар айының соңына дейін Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының мектеп оқушылары сабақты онлайн форматта оқиды. Аталған қалалардағы оқу форматы эпидахуалға тікелей байланысты. Ал қалған өңірлерде мектептегі оқушы саны 600-ден көп болса, олар да онлайн оқуы керек. Тек 1 және 2-сынып оқушыларының жас ерекшелігін ескере отырып, оларға мектепке келіп оқуға рұқсат етілген. 3-5 сынып оқушылары кезекші топ форматында білім алады.

Егер мектептегі оқушы саны 600-ден аз болса, ол мектепке дәстүрлі форматта білім беруге рұқсат.  

Гүлмира Кәрімова, ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы:   

Штаттық форматта оқитындардың саны 2 млн-нан асады. Ал қашықтан оқитындардың саны 1,5 млн-нан асады. Процентпен айтсақ, 60 пайызы штаттық, ал 40 пайызы онлайн өз жұмыстарын жалғастыра береді.

Еліміздің жоғары оқу орындарында көктемгі семестр 24 қаңтарда басталады. Университеттер каскадтық әдісті қолдана алады. Яғни студенттерді мейілінше азайту ұсынылған. Мысалы, бірінші курс студенттерін оқыту 24 қаңтарда басталса, екінші курстар – 31 қаңтарда, ал үшінші және төртінші курстардың оқуын – 7 ақпанда бастау жоспарланып отыр. 


Хабарламаларға жазылу