Байден 100 миллиондай адамды вакциналауға бұйрық берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Байден 100 миллиондай адамды вакциналауға бұйрық берді

10.09.2021

АҚШ президенті Джо Байден миллиондаған адамды міндетті түрде вакциналауға бұйрық берді. Екпе салу талабы ең алдымен мемлекеттік қызметкерлер мен медициналық персоналға қойылады. Бұған қоса, 100 адамнан асатын жұмысшысы бар компаниялар да ұжымын иммундауға тиіс. Осы науқан нәтижесінде 100 миллиондай адам немесе америкалық жұмысшылардың үштен екі бөлігі вакцина алады. Ал, бұл талапқа көнбегендер апта сайын тесттен өтуі қажет. «Үгіттейтін уақыт өтіп, билікті қолданатын кез жетті»,- дейді Ақ үй басшысы.

Ал, Қытай биылғы жылдың соңына дейін әлемнің дамушы елдеріне 100 миллиондай доза екпе бермек. Мұны елдің басшысы Си Цзиньпин бейсенбі күні жариялады.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу