Солтүстік Корея өткен түні өзінің 73-жылдығын ауқымды әскери парадпен атап өтті. Алайда сан мың жауынгер мен көрермен қатысқан шеруде баллистикалық зымырандар көрсетілмеді. Есесіне, апельсин түсті киімдегі маска таққан адамдар көп болды. Осы арқылы коммунистік үкімет коронавируспен күресіп жатқанын білдіргісі келгендей.
Парадты бүгінде біршама салмақ тастаған Ким Чен Ын да тамашалады. Бірақ, ол мүлде сөз сөйлемеді. Және де мерекелік шара барысында әдіеттегідей ракеталар туралы мәлімдеме де жасалмады.
Арыстан Рысбек