Киевте ауқымды әскери парад өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Киевте ауқымды әскери парад өтті

24.08.2018

Украина астанасы Киевте соңғы бірнеше жылдағы ең ауқымды парад өтіп, онда республиканың әскери айбыны көрсетілді. Жалпы алғанда, алаңға 4,5 мыңдай жауынгер мен офицер және 250 техника шығарылған. Олардың қатарында танкілер, брондалған машиналар, зымыран атушы жүйелер, зеңбіректер бар.

Украина армиясы елдің шығысында ресейшіл сепаралистермен соғысып жатыр. Донецк және Луганск облыстарындағы қарулы қақтығыстардан соңғы 4 жылда 10 мыңнан астам адам қаза тапқан. Мәскеу мен Киевтің қатынасы 2014 жылы Ресей Қырымды өз құрамына қосып алғаннан кейін шиеленісіп кеткені белгілі.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

 

Хабарламаларға жазылу