«Мен қазақша сөйлеймін» республикалық акциясы қорытындыланды. Қазақ тілін дамытуға арналған шараға 700-ден аса адам қатысқан. Акция аясында өзге этнос өкілдері мемлекеттік тілді меңгерді. Төрт кезеңнен тұратын шарада олар қазақша өлең жаттап, туған ел, туған жер тақырыбында қазақ әндерін үйренді. Бұл материалдар әлеуметтік желілерге «Мен қазақша сөйлеймін» хэштегімен жүктелген. Ұйымдастырушылар, негізінен орыс, өзбек, татар, неміс, әзербайжан ұлтының өкілдері белсенді болғанын айтады.
Әділбек Қаба, ҚР Білім және ғылым министрлігі тіл саясаты комитетінің төрағасы:Мұның барлығы біздің шын мәнінде көп ұлтты республикамыздағы барлық ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді үйренуге деген құлшынысының бар екенін көрсетеді. Біздің республикамызда 100-ден астам оқу орталықтары бар. Осы оқу орталықтарында мектептен кейінгі ересектердің мемлекеттік тілді үйренуіне жағдай жасалған.
Амангелді Сейітхан