Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданында Алтын Орда дәуіріне жататын қорған табылды. Шамамен ХІV ғасыр кезіндегі кесене отырықшылық салттың жақсы дамығанын көрсетеді. Бұған қолөнер, сәулет, құрылыс жәдігерлері дәлел. Қорған күйдірілген қызыл кірпіштен соғылған. Обадан ақсүйек ер адамның мүрдесі табылды. Қазба жұмыстары әлі де жалғасады.
Яна Лұқпанова, археолог:
Кірпішті дайындаған шебер әр тасты әр түрлі геометриялық пішінмен белгілеп шығарған. Әуел бастан қай тұсқа қандай кірпіш қаланатыны белгілі болған деп болжап отырмыз. Мәселен, күмбезіндегі тастарда шеңбер суреттелген. Кей тұстарда тік сызықтар, айқыш белгілерді көруге болады. Құрылыс жұмысы ыңғайлы жүруі үшін кірпіштерді сұрыптап алған болуы мүмкін.
Ардақ Мұратқызы