Алапат өрт кезінде роботты технология қолданылуы керек - депутат - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алапат өрт кезінде роботты технология қолданылуы керек - депутат

08.09.2021

Алапат өрт кезінде құтқарушылар жазым болмас үшін робот технология қолданылуы қажет. Шет елдерде ондай шаралар оңтайлы іске асырылады. Мәжіліс депутаты Сергей Решетников Төтенше жағдай министрлігінің материалдық-техникалық базасы жұтаң екенін айтты. Мысалы апаттар медицинасы орталығы жасағының далалық госпитальдарындағы ресурс толық таусылған. «Қазәуеқұтқару» компаниясына тиесілі 10 ұшақ алаңының бесеуі күрделі жөндеуді қажет етеді. Арнаулы авиа тұрақтағы 27 тікұшақтың үшеуі істен шыққан. Қазақстанда жыл сайын 18 мыңнан аса табиғи және техногенді апаттар тіркеледі. Соның 15 мыңдайы өрт оқиғалары. Жамбылдағы жарылыс кезінде де азаматтық қорғау органдарының 9 қызметкері қаза тауып, 49-ы жарақат алды. 

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу