Президент СҚО-дағы егін жинау науқанының барысымен танысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент СҚО-дағы егін жинау науқанының барысымен танысты

07.09.2021

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды. Өңірдегі егін жинау науқанының барысымен танысты. Облыста ел қамбасына құйылатын астықтың 30 пайызы өсіріледі. Биыл егін көлемі былтырғыдан көп. 4 млн 300 мың гектар алқаптан асты. Шаруалар субсидия көлемінің азаятынына алаңдаушылық білдірді. Ал, мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге қолдау жалғасатынын айтты Әрі жауаптыларға саладағы саясатты жетілдіру жұмысын жүктеді. Ұнның экспортқа шығарылу көлемі де төмендеп кеткен. Бұл бағытта тариф саясатын реттеуді тапсырды. Агроөнеркәсіп кешенін техникамен қамту жайына да ерекше тоқталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Шын мәнінде озық техника керек. Үкімет ауыл шаруашылығы еңбеккерлерін осындай техникалармен қамтамасыз етуге көмек беруі керек. Егер заманауи техника болмаса, біздің ауыл шаруашылығымыз дамымайды. Бұл – анық дүние. Сондықтан Үкімет менің тапсырмам бойынша тиісті жұмыстарды жалғастырады. Екіншіден, бұл техникалар ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне қол жетімді болуы керек. Несиеге қатысты саясат жалғаса береді. Несие мөлшері төмен болуы тиіс. Мен бұл мәселеге баса мән беремін.


Хабарламаларға жазылу