Тбилисиде 111 жастағы әйел коронавирустан емделіп шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тбилисиде 111 жастағы әйел коронавирустан емделіп шықты

07.09.2021

Грузия астанасы Тбилисиде 111 жастағы әйел коронавирустан емделіп, ауруханадан үйіне жіберілді. Мұны Республикалық госпитальдің өкілдері дүйсенбіде хабарлады. «1910 жылы дүниеге келген азаматша ковидтан жазылып кетті», - дейді аурухана дәрігерлері.

Грузин телекомпанияларының хабарлауынша, Леонила Гваджава есімді әйел Самегорело аймағында мұғалім болып қызмет еткен. Оның екі баласы, жеті немересі және он шақты шөбересі бар екен.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу