Алматы облысында табиғаты таңғалдыратын жер жетеді. Және көп адам естімеген, білмейтін. Мысалы, Рай көлі. Пайдасы көп дейді – тұздылығы сонша, түссең батпайтын Таяу Шығыстағы Өлі теңіз деген көлге ұқсайтын көрінеді. Емдік қасиетіне көзі жеткендер бар. Олардан естігендер Талдықорғаннан 170 шақырым жерде орналасқан көлге жол азабын тартып жетеді. Тері және буын ауруларына ем көлдің құрамы зерттелген бе?
Жоқ, әрине. Барды ұқсата алмауға тағы бір дәлел - Қуаныш Қанатұлының репортажы.