Мұнай өндірісі артпақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұнай өндірісі артпақ

02.09.2021

Қазақстан мұнай өндірісін арттыратын болды. Түнде ОПЕК+ұйымына мүше елдер осындай келісімге келді.

Оған сай еліміз осы айда тәулігіне бір жарым миллион баррель мұнай өндірмек. Және ай сайын оның көлемі 16 мың баррелге ұлғайып отыратын болды. Сөйтіп өндіріс көлемі ай сайын шамамен 400 баррелге өспек. Қазір қара алтын бағасы көтеріліп келеді. Бренттің құны 72 доллар.

Валюта бағамына тоқталсақ. Бүгін теңге долларға шаққанда сәл нығайды. Қазір АҚШ ақшасы 426 теңге, еуро 501 ал ресей рублі 5 теңге 80 тиын.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу