Паралимпиада 2020: Нұрдәулет Жұмағали жүзуден қола жүлдегер атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Паралимпиада 2020: Нұрдәулет Жұмағали жүзуден қола жүлдегер атанды

01.09.2021

Нұрдәулет Жұмағали жүзуден қола жүлдегер атанды. Жалпы еліміз атынан ерлер арасында екі жүзу шеберлері шықты. Брасс әдісімен өткен сайыста Нұрдәулет 100 метрді 1 минут 5 секундта жүзіп өтті. Осылайша, қазақстандықтардың байрақты бәсекедегі жүлделер саны беске жетті. Давид Дегтярев пауэр-лифтингтен алтын, Әнуар Сариев, Теміржан Дәулет, Зарина Байбатина пара-дзюдодан күміс жүлдеге ие болған еді. Жүзуші Нұрдәулет Жұмағали қола медальге қол жеткізді. Паралимпиада ойындары 5 қыркүйекке дейін жалғасады.

Хабарламаларға жазылу