Жолдауда қоғамды алаңдатқан мәселелер тыс қалмады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жолдауда қоғамды алаңдатқан мәселелер тыс қалмады

01.09.2021

Президент Жолдауында қоғамды алаңдатқан проблемалар қамтылған. Бүгінгі күннің өзекті мәселелерін көрсете отырып, қысқа мерзімде атқарылуы тиіс жұмыстар тапсырылды. Енді Үкімет бел шешіп кірісіп, Парламенттің заңдық тұрғыдан реттеуі ғана қалып тұр.

Рысқали Әбдікеров, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Мен өзім құқық қорғау органдарының комитетінен болғаннан кейін, жемқорлықа қарсы күрес туралы айтылған сөзіне басымды идім. Өйткені жылдың аяғына дейін жемқорлыққа қарсы үлкен бағдарлама қабылданатын болды. Әрине, бұның барлығы талқылаудан өтеді деген ойдамын. Сондықтан да бүгінгі таңда, осы бүгін айтылған іс-шараларды іске асыру үшін, қажетті заңдарға тез арада өзгеріс еңгізу үшін, бұл депутат корпустың басты мақсат деп санаймын.

Мұрат Бахтиярұлы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Жалпы Жолдаудың көпшілігі - мемлекеттің бір жылдық стратегиялық саясаты. Сондықтан да бұны орындау міндетті. Өйткені оның қаржысы бар. Үкімет оны орындаушы, Парламент соның заңдық негізін жасаушы. Сондықтан да, біз осы Президенттің жолдауына қатысты заңдық базалық нормативтік құқықтық актілерді Парламент депутаттары, оның ішінде Сенат депутаттары толыққанды қолдап, оны заңдық тұрғыда бекітіп беруге мен дайын деп есептеймін.

Әли Бектаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Ең үлкен мәселелердің бірі - ауылдық мекендерді дамытуға қатысты нақты тапсырмалар берілді. Ауылдық елді мекендерді дамытпай, біз ауыл шаруашылығын дамыта алмаймыз. Себебі сол ауылдық жерлерде, сол ауыл шаруашылығында, аграрлық секторда жұмыс жасайтын азаматтар тұрады, сол жерде өмір сүреді. Олардың өмір сүру стандарттары да, осы қаладағы өмір сүру стандарттарына тең болу керек.


Хабарламаларға жазылу