Ауғанстанда мыңдаған адам шетелге құрлықтық шекара арқылы кеткісі келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауғанстанда мыңдаған адам шетелге құрлықтық шекара арқылы кеткісі келеді

01.09.2021

АҚШ президенті Джо Байден Ауғанстаннан әскер әкету шешімін қорғап мәлімдеме жасады. Айта кету керек, америкалық контингент елден шығып жатқанда тәліптер Кабулдегі билікті басып алды.

Байденнің сөзінше, ауғанда ұзақ қалу Құрама Штаттардың мүддесіне қайшы болды. Тағы бір сөзінде ол бұрынғы президент Дональд Трампты әскерді әкету туралы тәліптермен дұрыс келісім жасамады деп айыптады.

Қазір Ақ үй басшысының өзі де жауынгерлерді елге дереу көшіріп, ауған үкіметінің құлауына себеп болды деп үлкен сынға ұшырап отыр.

Ал, Ауғанстанның өзінде ұшақпен кете алмағандар шетелге Орталық Азия мемлекеттерімен, Иранмен, Пәкістанмен арадағы құрлықтық шекара арқылы қашудың жолын іздестіріп жатыр. Өйткені, Кабул әуежайы жұмыс істемей тұр. Өзбекстан болса, оларды транзиттік авиарейстермен Германияға өткізуге келіскенімен, жаяу келген ауғандар үшін шекарасын жауып отыр. Ал, тамыздың 31-не дейін Ауғанстаннан кеткен АҚШ әскері 120 мыңдай адамды ғана эвакуациялап үлгерген.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу