Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы жарылыс болған әскери қоймалдарда не сақталғаны белгілі болды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі өкілдері мәлімдеді.
«Өрт шыққан орынды оқшаулау жұмыстары жалғасып жатыр. Өрт себебі анықталып жатыр. Қоймаларда инженерлік қару-жарақ сақталған. Олар алысқа ұшпайтын заттар», - делінген хабарламада.
Ал, Жамбыл облысының әкімдігі Тараз тұрғындарынан үйден шықпауды және терезеге жақындамауды сұрады. Әкімдік хабарына қарағанда, өрт ошағын жою жалғасып, өрттің шығу себептері анықталып жатыр.