Театрға барғандар коронавирусты қаншалықты тез жұқтырады - эксперимент - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Театрға барғандар коронавирусты қаншалықты тез жұқтырады - эксперимент

23.02.2021

Концерт, спектакльге келгендер коронавирусты қаншалықты тез жұқтырады? Осыны анықтау үшін Нидерланд үкіметі қоғамдық ұйымдармен бірігіп, арнайы сынақ жүргізуді бастады. Экспериментке қатысушы 500 адам елдің Утрехт қаласындағы театрға жиналды. Көрермендер залға кірердің алдында ковидке тест тапсырып, температурасы өлшенді. Екіге бөлінген топтың бір бөлігі залда маскамен отырды. Оларға спектакль аяқталғанша ешқайда шықпауға тапсырма берілді. Ал қалған 250 адамға бетпердесіз, үзіліс кезінде еркін жүріп-тұруға рұқсат етілді. Сынаққа қатысқандар осы аптаның соңында вирусқа тест тапсырады.

Шарон Дийксма, Утрехт қаласының мэрі:
Көрермендердің театрды сағынғаны сонша, әртістерге қошаметті жаудырды. Бәріміз де бір сәтке вирусты ұмытып кеттік. Егер сынақ сәтті өтсе, алдағы уақытта тағы екі концерт, футбол, фестивальдар ұйымдастырамыз. Барлығы ойдағыдай болса, онда мәдени ошақтардың жұмысы сәуірде қайта жанданады.   

Нұрсұлу Қасым

Хабарламаларға жазылу