Ауыл әйелдерін қолдау қоры құрылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауыл әйелдерін қолдау қоры құрылады

24.08.2021

Ауыл әйелдерін қолдау қоры құрылады. Бұл жөнінде баспасөз алаңында G-Global халықаралық хатшылығының басшысы Серік Нөгербеков айтты. Африкадан арнайы келген Тембикеле Мандела қорының бас директоры Ндилека Манделаның сөзінше, әйелдерді қолдау үшін 3 бастама жеткілікті. Біріншісі көшбасшылыққа екіншісі кәсіпкерлікке үйрету. Үшіншісі білім беру. Жиында Қырғызстан, Әзербайжан Грузия сарапшылары да өз тәжірибелерімен бөлісті. Ортақ шешімге сәйкес, Орталық Азия, Оңтүстік Кавказ және Африка ауылдарындағы әйелдерді қолдау қоры құрылмақ. . Елімізде, жүзеге асып келе жатқан халықаралық жобалардың бірі «Кока кола белестері» бағдарлама аясында ел бойынша 35000 ауыл әйелі бизнес негіздері жөнінде білім алды. Жүзге жуық әйел кәсіпке бет бұрған.Халықаралық бағдарлама аясында 2022 жылға дейін, 5 млн әйел жұмыспен қамтылуы тиіс. Қазақстанда әйелдердің тең жартысы ауылды жерде тұрады. Олар елдімекенде тұрса да өз потенциалын тиімді пайдалану керек дейді жиын қатысушылары.

Серік Нөгербеков ,G-Global халықаралық хатшылығының басшысы: 
Қордың кеңсесі Оңтүстік Африкада орналасады. Өйткені ол жақта Мандела фамилиясы өте беделді екенін білесіздер. Ең бастысы, бұл қор аталған өңірлердегі барша қоғамдық ұйымдардың басын біріктіреді. Аталған өңірлердің бәрінде ауыл әйелдерін қолдау бойынша жұмыс жүріп жатыр. Сол күштерді біріктіргіміз келеді. Ол үшін ірі корпорациялар мен қорларға қолдау көрсету бойынша жүгінеміз. Шетелдік компаниялар, отандық компаниялар, ірі қорлар осы іске атсалысса екен дейміз. 

 Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу