Павлодар облысында «Ashyg» жобасына қатысушылар саны 7 есе өсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында «Ashyg» жобасына қатысушылар саны 7 есе өсті

24.08.2021

Павлодар облысында «Ashyg» жобасына қатысушылар саны 7 есеге өсті. Мәселен, бір ай бұрын QR-кодын небары 776 нысан ғана алған болса, қазір олардың саны 6 мыңға таяп қалды. Соңғы аптада ғана 703 кәсіпкер тіркелген. Бұның бір себебі аймақта вакцина салдырушылар белсенділігі төмен. Бүгінгі күнге дейін екпенің 1 ші компонентін 216 123 адам алған. Ал, эпидемиологиялық ахуал күрделенеп келеді. Облыстың барлық қалалары мен аудандары қызыл аумақта.

Батырбек Әлиев, облыстың бас санитарлық дәрігері:
Апталық өсім 6,8% –ды құрайды. 7 күнде – 2 416 жағдай тіркелді, оның алдында-2 152 адам ауру жұқтырған. Күн сайын науқастар саны көбейіп барады.

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу