Жапондық телеарна «Невада-Семей» қозғалысы туралы арнайы хабар түсіріп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапондық телеарна «Невада-Семей» қозғалысы туралы арнайы хабар түсіріп жатыр

23.08.2021

Жапондық «NHK» телеарнасы «Невада-Семей» қозғалысы туралы арнайы хабар түсіріп жатыр. Шетелдік әріптестеріміз осы қозғалыстың жетекшісі, белгілі ақын, мемлекет және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтен сұхбат алды.

Олжас Омарұлы 1989 жылы «Невада-Семей» антиядролық қозғалысын құрып, Семей жерінде ядролық сынақтарды тоқтату туралы бастамаға жетекшілік етіп келеді. Жапония да өз жерінде ядролық сынақ өткізуге келісім берген алғашқы мемлекеттердің бірі.Сондықтан екі елге ортақ мәселе көп. Хабардың басты мақсаты – еңбек пен тарихты сабақтай отырып полигонның зардабын көрсету.

Олжас Сүлейменов, ақын, Қазақстанның Еңбек Ері:
Жапондықтарды біздің ядролық сынақтарға қалай қарсы тұра білгеніміз қызықтырып отыр. Қазір бұл әрекетке әлемде іс жүзінде тыйым салынды. Сәйкес құжаттар да қабылданды. Бірақ, ол құжаттарға қол қоймай отырған әлемдік ядролық ірі державалар бар. Сондықтан, осы бағыттағы күресті әлі де күшейтуіміз қажет.
Нао Такацука, Жапондық «NHK» телеарнасының тілшісі:
1989 жылы Семей өңірінде жоспарланған 18 ядролық сынақтың 11-і жасалмады. Бұл әрине Олжас Омарұлы сияқты қайраткерлердің, батыл азаматтардың еңбегінің жемісі. Ол кісінің жемісті жұмысы бізге үлгі. Хабар «Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалысының 30 жылдығына орай көрерменге көрсетіледі.


Хабарламаларға жазылу