Семейде шахматтан облыстық турнир басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде шахматтан облыстық турнир басталды

28.08.2014
Семейде шахматтан облыстық турнир басталды

«Невада – Семей» антиядролық қозғалысының құрылғанына 25 жыл толуына орай Семейде шахматтан облыстық турнир басталды. Сайыстың өтуіне Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы, «Невада-Семей» антиядролық қозғалысы мен «Семей-менің үйім» қоғамдық бірлестігі мұрындық болып отыр.

«Елімізде халықаралық «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының 25 жылдығына орай әртүрлі шара өткізіп келеді. Айтулы мерекеге орай қаламызда өткізілетін шараларға әлемнің көптеген елінен қонақтар келеді», - дейді халықаралық «Невада-Семей» антиядролық қозғалысы вице-президенті Сұлтан Қартоев.

Облыстық турнирге Астана, Өскемен, Семей қалаларынан және Бородулиха мен Бесқарағай аудандарынан жиыны отыздан астам шахматшы қатысуда. Швейцарлық жүйе бойынша классикалық шахмат түрінен сынға түсіп отырған сайыста ойыншылардың жас ерекшеліктеріне де ешқандай шек қойылған жоқ. Сондықтан да болар бір аптаға созылатын сайысқа 7 жастан бастап 85 жасқа келген қариялар қатысып бақ сынауда.

Хабарламаларға жазылу