Көлік ұрлаумен айналысқан 17 қылмыстық топ ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көлік ұрлаумен айналысқан 17 қылмыстық топ ұсталды

23.08.2021

Жыл басынан елімізде көлік ұрлаумен айналысқан 17 қылмыстық топ ұсталды. Кешенді шаралар нәтижесінде биыл көлік ұрлығы 13,3 пайызға азайды. Бұл туралы Криминалдық полиция департаментінің өкілдері мәлімдеді. Ал тамыздың 16-22 аралығында ел аумағында өткізілген «Автомобиль» шарасы кезінде 3 мыңнан астам көлік жөндеу орталығы, жекеменшік автошеберханалар, көлік тұрағы кооперативтері мен автотұрақтар тексерілді. Ұрланған көліктердің автобөлшектерін сатудың 16 дерегі тіркелді.

Қанат Нұрмағамбетов, ҚР ІІМ криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары:
Осы ретте қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береміз. Яғни, түнде көлікті гаражға немесе күзетілетін автотұраққа қою қажет. Дабыл жүйесін орнатып, көлік ішінде бағалы заттар мен құжаттар қалдырмаңыздар. Көлік сатып алғанда оның иесінен тиісті құжаттарды талап ету маңызды.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу