Алматыға Ауғанстаннан БҰҰ қызметкерлері мінген тағы бір ұшақ келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыға Ауғанстаннан БҰҰ қызметкерлері мінген тағы бір ұшақ келді

23.08.2021

Ауғанстаннан бортында БҰҰ-ның 108 қызметкері бар екінші рейс Алматыға келді. Ресми мәліметке сәйкес, қазір барлық жолаушы карантинде, олар ПТР тест тапсырған, нәтижесін күтіп отыр. Айта кету керек, қызметкерлер түгелдей вакцина алған. Еске салайық, 18-тамызда БҰҰ-ның 135 қызметкері КабулданАлматыға ұшып келген еді. Оның 60-қа жуығы Ауғанстандағы әріптестеріне қашықтан көмек көрсету мақсатында біздің елде қалған болатын. Халықаралық дипломаттардың тұруы, кеңсе мен үй-жайларын жалға алуы мен өзге де шығындар Ұйымның бюджетінен қаржыландырылады.


Хабарламаларға жазылу