Шетелде қалып қойған азаматтарымызды қайтару жалғасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шетелде қалып қойған азаматтарымызды қайтару жалғасады

05.04.2020

Апта соңында Президент Қ.Тоқаев Израиль президенті Реувен Ривлинмен телефон арқылы сөйлескен, айта кететіні, Мемлекет Басшысы әріптестерімен, халықаралық ұйымдардың жетекшілерімен үнемі байланыста, ахуал білу, пікір алысу тоқтамағанын айтады баспасөз қызметі. Осы аптада БҰҰ Бас хатшысы А.Гутериш қазіргі жағдайды екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі адамзат басына төнген қатер, деген. Қ.Тоқаев та Израиль президентімен әңгімесінде сондай пікір білдірген.

Біздің Президент сонымен бірге шет мемлекеттерде қалып қойған азаматтарымызды қайтару мәселесін шешуді тапсырған. Мысалы, жұма кешкісін Түркиядан отандастарымыз мінген ұшақ әуеге көтерілді.

Ұшақ кейін аман-сау Павлодарға қонды. Үндістандағы азаматтарымыз отырған ұшақ Таразға қонды. Олардың арасында 4 азаматтан вирус анықталды. Ал Иорданияда қалып қойған қазақстандықтар көмек сұрайды. Сырты істер министрлігінің мәліметінше, оларды қайтару жоспары бар.

«Неге үйде отырмады, әу баста вирусты елімізге шет мемлекетте болғандар әкелді» деген жұмсартып айтқанда, реніш бар. Біріншіден, өтіп кеткен дүниенің қайтара алмайсың. Екіншіден, барлығы бірдей рахаттанып қыдыруға барған жоқ. Үшіншіден, адамның адамдығы иман байлығында.


Хабарламаларға жазылу