Елордада бүгін қоғам қайраткері Жұмабек Тәшеновтің ескерткіші ашылды.
Салтанатты шараға арда азаматтың ұрпақтары, зиялы қауым өкілдері мен тұрғындар жиналды. Ұлт перзентінің мүсіні елорданың төрт ауданын тоғыстырған аумақта орын тепкен. Қоладан тұрғызылған ескерткіштің биіктігі 8 метрден асады. Авторы Ермек Ержанов. Шараға жиналған қауым Жұмабек Тәшеновтің еңбек жолы мен ұлтына сіңірген еңбегі жайлы естеліктер айтты. Өткен ғасырда қайраткердің жер мәселесіне қатысты озбыр саясатқа қарсы шыққанын халық жақсы біледі. Саналы ғұмырын ғылым жолына арнаған қайраткердің ұлы да әкесін қазақтың жеріне араша түскен азамат ретінде еске алады.
Саян Тәшенов, Жұмабек Тәшеновтың ұлы:Ол кезде солтүстік облыстарда комитет хатшылары жерді беруге дайын тұрғанда әкем Хрущевтің ұсынысына батыл қарсылық көрсетті. Сол үшін көп ұзамай қызметінен босатылды. Конституцияда одақтас республикалардың шекарасы бөлінбейді деп жазылғандықтан бұл үдерісті дәл уақытында тоқтатты деп ойлаймын.
Ламбриан Топузидис