Оның алтауы – кәмелет жасқа толмағандар. Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің айтуынша, қайғылы оқиғалардың барлығы дерлік шомылуға бейімделмеген жағалауларда тіркелген. Аймақта 754 су айдыны бар. Жедел-құтқару бекеті мен сүңгуірлердің апаттан құтқару жасағы тек 4 ірі көлде, яғни Қопа, Бурабай, Шортан және Зерендіде бар.
Мәселені шешу үшін жағажайлардағы демалыс орындары жанынан қоғамдық құтқару бекеттері ашылуда. Дегенмен, барлық су айдындарын қамту мүмкін болмай тұр. Сондықтан мамандар халықты суға тек арнайы дайындалған жерлерде ғана шомылуға шақырады. Қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, балаларға мұқият болуға кеңес береді.
Алексей Советов, облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы:
Биыл қоғамдық құтқару жасақтарының саны 59-ға жетті. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда. Өткен жылы 230-ға жуық қоғамдық құқарушы арнайы оқудан өткізілді. Жыл басынан бері кәсіби құқарушылар жұмылдырылған көлдерде 105 адам құтқарылды. Өкінішке орай, бейімделмеген орындарда қайғылы оқиғалар азаймай тұр. Суға кеткен 13 адамның алтауы балалар. Сондықтан жағалайда тынығу кезінде балаларды қараусыз қалдырмауларыңызды өтініп сұраймыз.
Ермек ЕЛБЕРГЕН