Елбасы Ресей үкіметінің төрағасымен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы Ресей үкіметінің төрағасымен кездесті

19.08.2021

Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастық нығайып келеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасымен кездесуінде осылай деді. Тұңғыш Президент екіжақты қатынастарды нығайту мен Еуразиялық экономикалық одақ аясында өңірлік ықпалдастықты одан әрі дамыту мәселелеріне тоқталды. Михаил Мишустин Нұрсұлтан Назарбаевқа Ресей Президентінің жылы лебізін жеткізді. Сонымен қатар, біздің елге сапары аясында жүргізген келіссөздер мен кездесулердің нәтижесі туралы айтып берді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы: 
Қазақстан-Ресей әріптестігі өзге мемлекеттерге үлгі болады деп есептеймін. Қазір біз күрделі кезеңді өткеріп жатырмыз. Екі ел коронавирустың таралуына және оның экономикаға тигізетін салдарына байланысты қиындықты бірлесе еңсеруде. Жуырда Владимир Путинмен кездесіп, өзара кеңестік. Жұмысты әрі қарай жалғастыратын боламыз.
Михаил Мишустин, Ресей Федерациясы үкіметінің төрағасы: 
Коронавирусқа қарсы күресте қолдан келгеннің бәрін жасап жатырмыз. «Sputnik V» вакцинасын Қарағанды фармацевтикалық зауытында шығару бойынша үлкен жұмыс атқарылды. Біз тату көршілік қатынастарды жоғары бағалаймыз.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу