«Ел үшін егілемін» азаматтық штабының мүшелері Шығыс Қазақстан облысының қоғам белсенділерімен кездесіп, вакцина салудың маңыздылығын талқылады. Осы айда еліміз бойынша індет жұқтырғандар саны былтырғы жылдың тамыз айымен салыстырғанда 6 есеге артық. Күнбе күн ондаған адам қауіпті кеселден көз жұмуда. Былтыр вируспен күресудің жалғыз жолы сақтану, шектеу шаралары болса, биыл вакцина салдыру - індетті жеңудің төте жолы, – деп есептейді штаб мүшелері.
Рахым Ошақбаев, індетпен күрес жөніндегі республикалық штабтың мүшесі:
Біз қатарымызға өңірлерден вакцина алуды насихаттайтын еріктілерді тартудамыз. Тұрғындардың екпе жайлы сұрақтары жетерлік. Сондықтан біз дәрігерлер, түрлі мамандар, сарапшылар арқылы сол сауалдардың жауабын табуға көмектесеміз. Халыққа екпе алудың маңызын түсіндіріп, жалған ақпараттарға сенбеуге шақырамыз.