Ақтөбе қаласының айналасы қоқысқа толды. Осы уақытқа дейін өңірде 456 заңсыз қоқыс алаңы анықталған. Оның 169-ы ғана жойылды. Шашылған қоқыс жиналып, арнайы полигонға жеткізіліп жатыр. Бұл жұмыстарды экология департаменті мен полицейлер бірлесіп атқаруда. 80 техника бөлінген. Әсіресе, Ақтөбе мен Хромтау қалалары қоқыс құрсауында қалған. Алға мен Мәртөк аудандарында да жағдай мәз емес. Тазалық жұмыстарына жергілікті бюджеттен ешқандай қаржы қарастырылмаған. Экология департаментіндегілер ай соңына дейін аймақты толықтай қоқыстан тазартамыз деп отыр.
Нұржан Аққұл, облыстық экология департаментінің басшысы:Ең көбі Ақтөбе қаласы, 200-дің үстінде. Ауданы бойынша 154. Одан кейін Хромтау,Мәртөк аудандарында бар. Қазіргі таңда жұмыс жүріп жатыр. Бұған арнайы қаражат бөлінбеген, дегенмен, обыс әкімдігі демеушілерді тартып отыр.
Жақсыбек Кемал