Атырау облысында 4 тоннадан астам балық тәркіленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысында 4 тоннадан астам балық тәркіленді

17.08.2021

Атырау облысындағы Құрманғазы ауданында заңсыз ауланған 4 тоннадан астам балық тәркіленді. Инспекторлар рейд кезінде Иголкино каналы бойынан кіші су кемесін тексерген. Одан 4 мың келіден астам қара балық табылған. Мемлекетке келтірген шығын көлемі 23 млн теңге. Қазір тексеру жүріп жатыр.

Жандос Темірғали

Хабарламаларға жазылу