Павлодар облысында жол сапасына мән бермеген 21 ауыл әкімі 4 млн теңге айыппұл төлейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында жол сапасына мән бермеген 21 ауыл әкімі 4 млн теңге айыппұл төлейді

16.08.2021

Павлодар облысында жол сапасына жүрдім-бардым қараған 21 ауыл әкімі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Енді олар мемлекетке 4 млн теңге айыппұл төлейді. Халықтың өтініш, тілектеріне құлақ аспаған бұл атқамінерлердің үстінен жергілікті тұрғындар арыз жазған. Сөйтіп, полиция тексеру жүргізген. Шынымен де көшелердің шұрқ тесігі, автокөлік жүретін жерлерде жарықтың жоқтығы және жол белгілерінің болмауы дәлелденді. Тіпті, аймақ бойынша 2 мыңнан астам дерек анықталған. Ауыл әкімдерінен бөлек полиция бұған жауапты кәсіпорындар мен мекемелерден 140 маманды жауапкершілікке тартты.

Бауыржан Мақашев, Павлодар облыстық ПД әкімшілік полиция басқармасының инспекторы:
Оның ішінде 21-і ол әкімшіліктің лауазымды тұлғалары. Бұл мәселе бойынша департамент басшылығының атына шағымдар түсті.

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу