Көпбалалы отбасыларға қандай бірыңғай әлеуметтік қызметтер ұсынылады? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көпбалалы отбасыларға қандай бірыңғай әлеуметтік қызметтер ұсынылады?

12.03.2019

Көпбалалы отбасылар үшін ақпарат. Мемлекет тарапынан қандай бірыңғай әлеуметтік қызметтер ұсынылатынына назар салыңыздар. Бастауыш сыныптарда оқитын балаларға тегін тамақ ұсынылса, қоғамдық көліктерде балалар мен олардың аналарына жолақысын төлемеуге болады.

Сондай-ақ, мектеп формасы, оқулықтар мен құрал-жабдықтармен қамту, ал балабақша жасындағы балғындарды орналастыру үшін басымдық қарастырылған. Лагерлерьде тегін демалу, коммуналдық төлемдерге жеңілдік, әлеуметтік көмір-отын сынды көмек те бар. Сондай-ақ, әл-ауқаты төмен отбасы мүшелерін оқыту, жұмыспен қамту, тәжірибеден өткізу, грант пен несие бөлерде оларға басымдық беріледі. 

Альбина ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу