Атырауда демалыс күндеріне локдаун жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда демалыс күндеріне локдаун жарияланды

12.08.2021

Батыс Қазақстанда карантин шектеуі жеңілдеді. Енді сауда үйлері, базарлар, тамақтану орындары демалыс күндері де ашық болады. Былайғы күндердегі жұмыс уақыты да ұзарды. Қоғамдық көліктер сенбі-жексенбіде жүретін болды. Жалпы Ashyq қосымшасы бар нысандарға қалыпты жұмыс істеуге рұқсат етілді. Өйткені өңірде ауру жұқтыру 11 пайызға түскен. Дегенмен, өңір әлі "қызыл" аймақта.

Нұрлыбек Мұстаев,  Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:
Ashyq жобасын енгізген субьектілер бұрын кешкі 8-10-ға дейін жасайтын болса, қазір 10-12-ге дейін жұмыс уақыты созылды. Қоғамдық тамақтану орындары бар, Ashyq көшбасшыларына түнгі 2-ге дейін де жұмыс уақыты ұзарды.

Ал Атырауда эпидахуалдың күрт нашарлауына байланысты, демалыс күндері локдаун енгізілді. Осыған орай, сенбі-жексенбіде барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметі тоқтатылады. Сондай-ақ, көпшілік іс-шараларды өткізуге қатаң тыйым салынды. Қоғамдық көліктердің жұмысы да доғарылады. Қазір індет қалада жылдам тарап жатыр. Үйде емделіп жатқандар саны 6 жарым мыңнан асты.

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу