Қостанайда құтқарушылар су алатын тар ұңғымаға құлап, кептеліп қалған екі жасар баланы аман алып шықты. Оқиға облыс орталығына жақын жердегі Садчиков ауылында болған.
Шақырумен жедел жеткен құтқарушылар баланың үш жарым метр тереңдікте тұрғанын анықтады. Әрі қарай тереңге түсіп кетпеуі үшін жоғары көтеріліп көрініп тұрған білегіне жіп байлады. Сонан соң ұңғыманың жанынан шұңқыр қазып, бала тұрған жерге жеткен соң, оның жан жағындағы топырақты үңгіп жоғарыға алып шықты. Қазір баланың жағдайы қалыпты.