Қарағанды облысында 2 бала терезеден құлап кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында 2 бала терезеден құлап кетті

13.05.2020

Қарағанды облысында екі бала терезеден құлап кетті. Оқыс жағдайдың бірі Балқаш қаласында болған. Төрт жасар бала 5- қабаттан құлап түскен. Бүлдіршін аман, бірақ ауыр жарақатпен жергілікті аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды. Оның миы шайқалып, жағы және оң жамбасы сынған. Ал Қарағандыда екі жастағы нәресте екінші қабаттан құлап кеткен. Дереу балалар клиникасына жеткізілді. Жалпы күн жылынғалы ата-аналардың қауіпсіздік ережелеріне немқұрайлы қарауы салдарынан өңірде 5 бала осындай жағдайға душар болды. Төтенше жағдай қызметі тұрғындарға ақпараттық парақтарды таратқан. Бұған қоса мобильдік қосымша арқылы да ескерту хабарламалары да жіберіліп тұрады.

Рұслан НҰРЛАНҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу