Қытай мен Ресей бірлескен әскери жаттығу өткізіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытай мен Ресей бірлескен әскери жаттығу өткізіп жатыр

10.08.2021

Қытай мен Ресей бірлесіп, 5 күндік әскери жаттығу өткізіп жатыр. «Батыс/Өзара іс-қимыл-2021» атты маневрлар Қытайдың солтүстік-батысындағы Нинся-Хуэй автономдық ауданында басталған. Әскери жаттығу Ауғанстандағы қарулы қақтығыстың үдей түсуімен тұспа-тұс келіп отыр.

Бейжің мен Мәскеу соғыс ойындарын өткізу арқылы терроризмге қарсы бірлескен операцияларды тереңдетуді, халықаралық және аймақтағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуді көздеп отыр. Жаттығуларға екі елдің 10 мыңнан астам жауынгері мен әскери техникасы және ұшақтар жұмылдырылған. 

 Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу