Түркиядағы өртті сөндіруге Қазақстаннан көмек көрсету тобы аттанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркиядағы өртті сөндіруге Қазақстаннан көмек көрсету тобы аттанды

09.08.2021

Түркиядағы өртті сөндіруге Қазақстаннан көмек тобы аттанды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтің тапсырмасымен суағар құрылғылары бар 2 тікұшақ және 16 құтқарушы жолға шықты. Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты мамандар үш мемлекетте тоқтап, Түркияның Мұғла қаласына ұшып жетеді. Жедел топты әуежайда Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев шығарып салды. Мамандар, бауырлас елге көмектесіп қана қоймай, тілсіз жаудан зардап шеккен орман алқабын қалпына келтіруге гуманитарлық қолдау танытуға ниетті.

Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу