Қазақстандық тауарлар мен қызметтердің шикізаттық емес экспорт көлемін арттыру, мәдениет нысандары мен мектептер салу – Үкіметтің ерекше бақылауында. Премьер-Министр «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының Жол картасын іске асыру жөніндегі штаб отырысын өткізді. Аталған мақсатты іске асыру үшін 2025 жылға қарай 41 млрд долларға дейін қаржы тартылады. Ал, биыл 29 млрд долларға өсіру көзделген. Мемлекеттік қолдау шаралары да орасан. Жеңілдікпен несие беру, сақтандыру және экспорттаушылар шығындарының бір бөлігін өтеу, электрондық платформаларға шығару. Асқар Мамин өңдеу өнеркәсібі өнімдерінің жеткілікті көлемін қамтуды тапсырды.
Нысаналы Ығыл