Түркістан облысының Арыс қаласында жүк пойызының екі вагоны өртеніп жатыр. Фосфор тиелген пойыз Жамбыл облысынан Ресейге бара жатқан. Облыс әкімнің орынбасары Сәкен Қалқамановтың таратқан мәліметі бойынша фосфор ұзақ жанады сол себепті қазір теміржолға жақын ауданның тұрғындары қауіпсіздік мақсатында эвакуациялануда. Олар қала мектептерінің біріне орналастырылып ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Оқиғаға байланысты шұғыл штаб құрылды. Қазір вагон пойыздан ажыратылды. Әзірге өрттің неден шыққаны белгісіз, зардап шеккендер жоқ. Пойыз қатынасына кедергі келмеді.